I курс студенттері арасында газқағар кию бойынша жарыс өткізілді

12.02.2026

«Ж. Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК I курс студенттері арасында газқағар кию бойынша жарыс өткізілді. Іс-шара оқу-тәрбие жұмысы аясында ұйымдастырылып, білім алушылардың азаматтық қорғаныс бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жылдамдықты, жауапкершілікті және тәртіптілікті дамытуға бағытталды. Жарыс барысында студенттер газқағар кию тәртібі мен белгіленген нормативтерді жақсы меңгергендерін көрсетіп, тапсырманы мүмкіндігінше тез әрі дұрыс орындауға тырысты. Жарыс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен үздік қатысушылар анықталып, I курс студенттерінің дайындық деңгейі жоғары екені атап өтілді.



Текст
Виртуальная приемная